28 Қаңтар, 2016

Алматы облысында жоғалған азаматтық тікұшақ іздестірілуде

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28-01-2016 usharalАЛМАТЫ. 28 қаңтар. Алматы облысының Үшарал қаласынан Талдықорғанға бет алған  «Аспан» компаниясының борт нөмірі UP-MD 600-N тік ұшағы жоғалды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Тікұшақта 5 адам болған. Олар ұшқыш В. Кондратюк (1967 ж.), дәрігер-гематолог Б.Қайсанов (1964 ж.), фельдшер Г.Хамитова (1993 ж.), Қарлығаш Әбілқасым (1989 ж.) және оның сәбиі Бағым Әбілқасым (2015 ж.) Тікұшақ үшаралдық науқас сәбиді  Талдықорғанға жеткізуге бағыт алған. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жедел топтың құрамында 75 адам, 11 арнаулы техника бар. Сондай-ақ, облыстық ішкі істер қызметінің арнайы жасақталған тобы, әскерилер барлығы 500- ге жуық адам іздестру жұмыстарымен айналысуда. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі тікелей хабарласуға мынандай 8-7282-220460 телефон нөмірін жариялады. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі. 28-01-2016 usharal 2
Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024