28 Қаңтар, 2016

Щучинск қаласында жаңа ойын-сауық орталығы ашылды

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28-01-2016-Balalar oinau 1АҚМОЛА. 28 қаңтар. Ақмола облысы Бурабай ауданының орталығында «Ақ желкен» ойын-сауық орталығы ашылды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісіне хабарлады. Жаңа нысан супермаркетпен, дәріханамен, дәмханамен және балалардың ойын-сауық орталығымен жабдықталған. Кәсіпорын 500 шаршы метр аумақты алып жатыр және кассалық, қоймалық ғимараттармен, бейнебақылау желісімен толық қамтылған. Аталған нысан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында пайдалануға беріліп отыр. Заманауи ойын қондырғыларымен жабдықталған орталық балаларды ата-аналарымен бірге, күн сайын қабылдайды. Орталық басшысы Біләл Сәкеновтің айтуынша, бұл жерде жеткіншектердің түрлі мерекелері ұйымдастырылады. Жобаның жалпы құны – 35,7 млн. теңге. Орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz. 28-01-2016-Balalar oinau 2
Соңғы жаңалықтар

Астанада Мәуліт кеші өтті

Дін • 27 Қыркүйек, 2024

Қостанайда жылу тарифі қымбаттайды

Аймақтар • 27 Қыркүйек, 2024

TikTok-қа тоқтам керек

Пікір • 27 Қыркүйек, 2024