АЛМАТЫ. 28 қаңтар. Алматы қалалық мәслихатының 50-ші сессиясында депутаттар мемлекеттік балабақшаға баратын әрбір бала үшін төленетін ақы құнын 15 мың теңгеден асырмау жөнінде қаулы қабылдады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының депутаттар фракциясы 2016 жылдың 22 қаңтарында қаладағы мемлекеттік балабақшаларды шаруашылық есептен мемлекеттік тапсырысқа көшіру туралы бастама көтерген еді. Осылайша, биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап екі жастан бес жасқа дейінгі мемлекеттік балабақшаға баратын 17 мың бүлдіршін үшін тек тамақтану құны ғана төленетін болады. Бұл үшін жергілікті бюджеттен өткен жылдың қорытындысы бойынша, үнемделген қаржыдан 3 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінеді.
«Бізде тұрмысы төмен жандардың проблемаларын шешу мүмкіндіктері бар. Сондықтан бүгін балабақшалар құнын өсірудің орнына біз 17 мың бүлдіршіннің құнын төмендетіп отырмыз, осының арқасында әрбір отбасы 20 мың теңге көлемінде қаржысын үнемдейтін болады», – деді сессия барысында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек.
Бұдан өзге мемлекеттік балабақшада жұмыс істеп, 48 мың теңге көлемінде орташа жалақы алатын 3360 тәрбиешіге 30 пайыз қосымша ақы төленетін болады.
Айнаш Есали.
Дерек, сурет: egemen.kz.

Швейцария құрамасы Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен жеңді
Спорт • Бүгін, 02:05
Жамбыл облысында екі полиция басшысы бас бостандығынан айырылды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Кеше
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Кеше
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Кеше
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Кеше
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Кеше