28 Қаңтар, 2016

Солтүстік Қазақстан полицейлері есеп берді

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
28-01-2016-Otshot 2ПЕТРОПАВЛ. 28 қаңтар. Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов, ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғынбаевтың қатысуымен өткен алқалы жиында облыстық ішкі істер департаментінің бастығы Берік Біләлов 2015 жылдың қорытындылары мен алдағы міндеттер жайлы баяндады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen тілшісі хабарлады. Баяндамада келтірілгендей былтыр 10 мыңға жуық әртүрлі қылмыс тіркелген. Ауыр қылмыстар - 29, кісі өлтіру-19, тонау - 17, бопсалау - 51, адам зорлау - 19 пайызға кеміген. Өзгенің дүние - мүлкін ұрлау барлық қылмыстардың 60 пайызын құрайды. Балалар қылмысының, жол-көлік оқиғаларының да азайғаны байқалады. Басқосуда қылмыстық-атқару жүйесі облыстық басқармасы бастығының міндетін атқарушы Бөкенбай Жүсіповтың, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Павел Филипповтың, жергілікті полиция қызметінің бастығы Қанант Айтбаевтың есептері тыңдалды. Ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғынбаев басты назарды профилактикалық, құқықтық шараларды күшейтуді, қылмыстардың алдын алуды талап етті. Ерік Хамзаұлы жастар мәселесін, бұрын соттлаған адамдармен түсінік-тәрбие жұмыстарын, жұртшылықпен байланысты нығайтуды атап көрсетті. Жиын соңында түрлі аталымдар бойынша ең үздік полиция қызметкерлері марапатталды. Онда Айыртау ауданы жеңімпаз ретінде танылды. Өмір Есқали. Дерек, сурет: облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 28-01-2016-Otshot 1