Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханаға – жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әкім Тарази өзі жинастырған кітап топтамаларын сыйға тартты. Жазушының өз топтамаларын кітапханаға тапсыруының себебі – кітапхана ұжымы мен белгілі қаламгердің бірнеше жылдан бері шығармашылық байланыста болуы. 2007 жылдан бастап Әкім Өртайұлы «Бір ел – бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары болса, бұл жолы қаламгер кітапханада өткізілген іс-шараның құрметті қонағы болып келді. Өйткені, жазушы кітап топтамалары көпке қолжетімді болып, оқырмандардың белсенді пайдалануына жағдай жасалғанын қалайды екен.
Әкім Тарази «Жаза» романы үшін 1989 жылы Мемлекеттік сыйлық алса, 2011 жылы жазушы «Әлем әдебиетін дамытуға қосқан үлесі үшін» Франц Кафка атындағы халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты атағына ие болды. Қаламгердің қаламынан «Тасжарған», «Бұлтқа салған ұясын», «Кен», «Жаза», «Шер», «Қорқау жұлдыз», «Махаббат жыры», «Қиянат», «Мұстафа Шоқай» романдары, «Құйрықты жұлдыз», «Үлкен ауыл», «Асу-асу» повестері және «Күлмейтін комедия», «Жақсы кісі», «Жолы болғыш жігіт» атты пьесалар туды. Сондай-ақ, жазушы – «Тұлпардың ізі», «Қараш-Қараш оқиғасы», «Арман-атаман», «Мұстафа Шоқай» фильмдері сценарийінің авторы. Ә.Таразидың бірқатар кітаптары орыс, қытай, ағылшын, венгер, болгар, неміс, фин және чех тілдеріне аударылған.
Жазушы студенттік жылдарынан кітаптар жинай бастап, әр жылдарда жазушы кітапханасы әдебиеттермен, ең алдымен көркем туындылармен және тарих, философия, тіл білімі бойынша ғылыми-танымдық еңбектермен толықтырылды. Бүгінгі сыйға тартылған топтамалар – 979 кітап екен. Осы топтамадан оның иесінің энциклопедист, ой-өрісі кең, ынта-ықыласы жоғары, терең білімді тұлға екендігін білеміз. Топтаманың басым бөлігі қазақ ақын-жазушыларының, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің шығармаларынан, Қазақстан тарихы, мәдениеті туралы кітаптардан тұрады. Сондай-ақ, мұнда шетел әдебиеттері де ұсынылды. Топтамаларға қосымша Әкім Таразидың мемориалды экспонаттары: жазу үстеліне арналған жиынтық, плакат, баспа мәшінкесі папка және жазу құралы да бар.
Кітапханадағы ақпараттық-библиографиялық сервис қызметінің мамандары Әкім Тарази шығармашылығы бойынша библиографиялық көрсеткіш әзірлеп, көрсеткішке «Әкім Таразидың биографиясы», «Тарази туралы ойлар», «Әкім Таразидың шығармалары», «Әкім Таразидың мерзімді басылым беттерінде жарық көрген мақалалары» (1969-2015 жылдар), «Әкім Таразидың драматургиясы», «Әкім Тарази шетел дереккөздерінде», «Әкім Таразидың аудармалары», «Сценарий авторы – Әкім Тарази», «Әкім Таразидың өмірі мен шығармашылығы туралы», «Электронды ресурстар» атты бөлімдер, сондай-ақ жазушы туралы интернет ресурстар да кірістірілген. Басылым әдебиеттанушы ғалымдарға, ЖОО мен мектеп оқытушыларына, студенттерге, оқушыларға, кітапханашыларға, сондай-ақ Әкім Таразидың өмірі мен шығармашылығын зерделейтін оқырман қауымға арналған.
Салтанатты шараға еліміздің зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысып, Қуаныш Сұлтанов, Жабал Ерғалиев сияқты қоғам қайраткерлері белгілі қаламгердің өнегелі іс-шарасына ризашылықтарын білдіріп, жазушының қабілет-қарымына тоқталып өтті.
Берік САДЫР,
«Егемен Қазақстан».

Қоғам • Бүгін, 21:50
Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
Елорда • Бүгін, 20:55
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55