Бұл съезге Шығыс Қазақстанның шалғайдағы шекаралық ауданы саналатын Үржар өңірінен келдім. Елбасының байыпты баяндамасынан бүгінгі даму жолымыздың дұрыстығына тағы көз жеткіздік. Әсіресе, теңге бағамы саясатының ел экономикасын құлдыратпауға, қайта сақтауға, дамуға қызмет етіп жатқаны туралы тұщымды ой айтылды. Бұл – еліміздің шын мәнінде әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегі екендігін көрсетеді. Қазақстанды тоқырау кезеңінен алып шыққан Президент дағдарыс менеджері ретінде әрдайым қажетті шараларды жүзеге асырып келеді. Бұл жолы қабылданған партиямыздың сайлауалды бағдарламасы алдымызға ауқымды міндеттер қойып отыр.
Елбасының тиімді саяси-экономикалық реформалары арқасында алыстағы ауданымыз жылдан жылға дамып, көркейіп келеді. Партиялық жобалар аясында халықтың саяси белсенділігін көтеруге, әлеуметтік мәселелерді шешуге, құқықтық жүйені және экономикалық дамуды қамтамасыз етуді жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Бұл ретте, Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарында көрсетілген негізгі бағдарымызды айқындап бергенін айтқан ләзім.
Жалпы, әр елдің, әр ұлттың, әр ғасырдың өзіндік ерекшелігі, өзіндік тарихи құндылығы болады. Көне тарихымызға көз жүгіртсек, Қазақ елінің де басынан қилы-қилы заманның өткенін байқаймыз. Адам баласының ұзақ тарихында жасаған рухани құндылықтары, мәдени қазынасы, іс-тәжірибесі, адамгершілік тағылымдары ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанымына тереңірек үңілгенде, кешегі өткен Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан, Абылай ханның көшбасшылығы, көрегендігі мен қырағылығы, ел қамы, халықтың арман-тілегіне алаңдаушылығы еске түседі. Бүгін біз сол ата-бабаларымыз күрескен, армандаған алып мемлекетті құрып, қалыптастырдық. Әлемдік қоғамдастықта орны бар жаңа тұрпатты, қуатты елге айналып келеміз. Президентіміздің Ұлт Жоспарын жүзеге асыра отырып, дамыған 30 елдің қатарына қосылуды көздеудеміз. Ұлт Жоспарының әр қадамы кемел келешекке жетелеп, мемлекетке деген халықтың сенімін арттырды. Мұның өзі қарапайым халыққа шынайы қолдау болды. Көшбасшымыз дағдарыс кезеңінде дағдармай, нақты бағыттар бойынша жұмысты жалғастырудың жолын көрсетіп берді. Міне, енді дағдарыс тұманы сейілгендей, халық көңілі серпілгендей.
Алдымыздағы кезектен тыс Мәжіліс және кезекті мәслихаттар сайлаулары арқылы біз тағы бір белесті бағындырып, ел таңдауын жасаймыз. Сайлау арқылы болашағымызды таңдаймыз. Жақында Үржар ауданында 830 адам бір мезетте «Нұр Отан» партиясының қатарын толықтырды. Бұл қарапайым қазақстандықтардың Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қалтқысыз қолдайтынын көрсетеді.
Бақтыбай БАЙМҰРАТОВ,
«Нұр Отан» партиясы Үржар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, съезд делегаты.
• 30 Қаңтар, 2016
Дағдарыс тұманы сейіліп, халық көңілі серпілгендей

Астанада «Болашақ ойындары 2026» турниріне волонтёрларды іріктеу басталды
Елорда • Бүгін, 20:55
Алматы – Шаңхай бағытында жаңа тікелей әуе рейсі ашылды
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Бүгін, 18:33
Бейбіт Әбдікен: Бұл марапат ғылымның мемлекет үшін маңызын көрсетеді
Ғылым • Бүгін, 18:00
«Қазақтың Моника Беллуччиі» атанған полицей зейнетке шықты
Қоғам • Бүгін, 17:55
Қалдықтан қазына сүзген: Отандық металлургияның жаңа белесі
Ғылым • Бүгін, 17:50
Next Generation Youth Forum 2026: Астанада жас логистер форумы өтті
Форум • Бүгін, 17:48
Теңге нығайып, доллар әлсіреді: Нарыққа әсері қандай?
Қаржы • Бүгін, 17:40
Ербол Тұяқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 17:40
«Таза өлке – Ақкөл»: Экологиялық акция аясында қала аумағы тазартылды
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Жас ғалым Асия Ермухамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады
Ғылым • Бүгін, 17:35
Президент Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 17:25
Қазақстан IT-экспортында жаңа рекорд орнатты: 1,1 млрд доллар межесі еңсерілді
Технология • Бүгін, 17:08
Астанада бірқатар көшеде қозғалыс шектеледі: Полиция жүргізушілерге үндеу жасады
Елорда • Бүгін, 16:55
Азық-түлік сапасы: Химиялық тыңайтқыштар денсаулыққа қалай әсер етеді?
Шаруашылық • Бүгін, 16:52