30 Қаңтар, 2016

Зейнеткер тұруға ең қолайлы ел – Камбоджа

317 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Әлем-жәлем әлем 29-01-16-kombodja-1Американың Internationalliving.com басылымы әлемдегі зейнетке шыққаннан кейін барып тұруға болатын ең қолайлы елдер рейтингісін жасады. Онда бірінші орын Камбоджаға телінді. Қолайлы елдер тізіміне жалпы 23 ел еніпті. Ол бойынша екінші орынға Никарагуа шықса, үшінші орынға Колумбия жайғасқан. Мұндағы басты мезет өмір сүрудің жеңілдігі, тұрмыс тыныштығы, азық-түлік бағалары мен қызмет түрлерінің арзаншылығы болған. Рио Олимпиадасына босқындар құрамасы қатысады Биылғы жазда Рио-де-Жанейро қаласында өткелі тұрған Олимпиялық ойындарға босқындар да жеке құрама ретінде қатысатын болды. Қазіргі таңда Еуропа елдерінде бір миллионнан астам мигранттар тұрып жатыр. Халықаралық олимпиялық комитеттің президенті Томас Бах бұл жөніндегі қарарды 193 елдің 180-і қолдағанын айтты. «Осы арқылы біз әлемдегі жалпы саны 60 миллион адам болатын босқындар проблемасына жұрт назарын аударғымыз келеді», – деді ХОК басшысы. 29-01-16-india_biznesmen-1Үнді бизнесмені тойға 18 мың жесірді шақырды Үндістанның Мехсана қаласында тұратын бизнесмен Джитендра Пателдің кенже ұлы Равидің үйлену тойына 18 мың жесір қатысты. Той салтанаты Гуджарат штатының Химматнагар қаласына жақын маңдағы Дерол деревнясында өтті. Бұл – ежелгі храмдарының көптігімен танымал болған елді мекен. Ал той иесі дастарқанды ашу рәсімінде жаңа пайда болып жатқан жас отау иелеріне қоғамнан теперіш көрген міскін жандардың бата бергенін қалағанын, мұның ұлы мен келіні үшін үлкен сабақ болатынын айтты. Останада 28 жылдан бері бірінші рет нәресте өмірге келді Италияның алыс түкпірдегі Остана деген шағын қалашығында соңғы 28 жылдан бері бірінші рет жаңа туған шақалақтың даусы естілді. Кішкентай Паблита елді мекеннің 85-ші тұрғыны болып тіркелді. Мұндағы жұрттың жартысына жуығы ғана жыл он екі ай бойы бұл жерді мекен етеді екен. Таулы аумақтағы қоныс тұрғындары 31 қаңтарда бәрі болып, өмірге жаңа сәби келуін атап өткелі отыр. 29-01-16-dvorniki-Қырғыз аула сыпырушылары депутаттардан көп табыс табады Қырғызстан астанасы – Бішкек қаласындағы «Тазалық» муниципалды кәсіпорнының қызметкерлері таяу аралықтан бері 50 мың сом (605 еуро) көлемінде айлық жалақы ала бас­тады. Бұған арнайы техниканы жалға алушылықтың да әсері болған сияқты. Осыған орай Sputnik жаңалықтар агенттігі енді аула сыпырушылардың жалақыны Жогорку Кенеш депутаттарынан да көп алып отырған мәлімдеді. Шын мәнінде халық қалаулылары айлықтарының төменгі мөлшері 30 мың сомды (360 еуро) құрайтын көрінеді. Норвег қызы өзінің мысық екеніне күмән келтірмейді Норвегияда жасайтын Нано есімді 16 жасар қыз өзін мысықпын деп санайды. Айтуынша, ол өзінің адам емес екенін жақында ғана білген. Нано адам қалпында өмірге келгенін табиғаттың қателігі деп есептеп отыр. Ал кез келген дыбысты керемет еститін, қараңғыда өте жақсы көретін қасиеттерін мысық екеніне айғақ деп қарайды. Қазір ол досы Свен екеуі бір-бірлерімен мияуласып, «мысықша» сөйлеседі екен. Сөздеріне қарағанда, олар сонда бір-бірлерін керемет түсінетін болған. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды.