АСТАНА. 31 қаңтар. АҚШ әскери-теңіз флотының офицері сыйлық пен жеңіл жүрісті қыздардың қызметі үшін құпия мәліметтерді саудалап келген. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
АҚШ әділет министрлігінің хабарлауынша, коммандер әскери дәрежесіндегі теңіз флотының жауынгері Пентагонның жалдамалы қызметкеріне құпия ақпараттарды ақша, сыйлықтар мен жеңіл жүрісті қыздардың қызметіне айырбастап отырған. Майкл Ваннак Хем Мизьевич есімді офицер өзінің парақорлыққа байланысты екі қылмыстық іс бойынша кінәлі екенін мойындаған.
«Коммандер Майкл Ваннак Хем Мизьевич шетелдік жалдамалы қызметкерге құпия ақпараттар беріп отырған. Егер бұл мәліметтер өзге біреудің қолына түссе, ұлттық қауіпсіздіктің тас-талқанын шығарар еді», – деп хабарлады АҚШ бас прокурорының орынбасары Лесли Калдуэлл. Бас прокуратура өкілінің сөзіне қарағанда, осы іс-әрекеті арқылы күдікті америкалық әскерилердің басын үлкен қауіп-қатерге тіккен.
Ал күдікті жауынгер кінәсін мойындаған. Ол 2011-ден 2013 жылға дейін GDMA деп аталатын сингапурлік компанияға құпия ақпараттарды ұсынып, келісімшарт жасасу кезінде осы компанияның мүддесін қорғап келген. Ақпаратпен алмасқаны үшін компания бастығы Леонард Гленн Фрэнсис офицер мен оның отбасына салтанатты қонақ үйлерде дамалыс, сондай-ақ, Майкл Ваннак Хем Мизьевичке жезөкшелердің қызметін сыйға тартып отырған.
Бұл іс бойынша Мизьевичтің тоғыз сыбайласы да жауапқа тартылуда. Олардың қатарында АҚШ әскери теңіз флотының төрт офицері, оның ішінде, флоттың криминалдық тергеу қызметі – АҚШ теңіз полициясының қызметкерлері де бар. Тоғыз күдіктінің сегізі өз кінәларын толық мойындаған болса, біреуі 27 айға түрмеге жабылды.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: РИА «Новости».
• 31 Қаңтар, 2016
АҚШ офицері жезөкшелер қызметі үшін құпия мәліметтерді саудалаған

Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10
Шымкентте саябақ аумағынан ер адамның мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Астанада және еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ата заңда адам құқығына қандай артықшылық берілді?
Ата заң • Кеше
Қазақстанда 23 ақпанға дейін бірқатар жол учаскесі жабылды
Ауа райы • Кеше
Астанада құжатсыз тасымалданған ет өнімдері сатылмақ болған
Аймақтар • Кеше