АСТАНА. 31 қаңтар. Бүгін теннистен «Үлкен дулыға» санатындағы Австралия ашық чемпионаты мәресіне жетті. Екі аптаға жалғасқан турнирдің ерлер арасындағы бәсекесінде серб теннисшісі Новак Джокович жеңіске жетті. Ол финалда ағылшындар сенім артқан Энди Маррейден үш сетте 6:1, 7:5, 7:6 есебімен басым түсті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Осылайша, 28 жастағы Джокович аталған сайысты 6-рет жеңіп отыр. Ол бұған дейін Australian Open турнирінде 2008, 2011, 2012, 2013 және 2015 жылдары топ жарған болатын. Сондай-ақ, сербиялық үшін бұл «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі 11-жеңіс екенін атап өткен жөн.
Ал оның құрдасы Маррей осымен 5-рет Австралия ашық чемпионатының финалында жеңілді және соның төртеуінде дәл осы Джоковичке есе жіберген еді.
Айта кетейік, кеше әйелдер арасындағы сайыста сенсациялық нәтиже тіркеліп, Германия спортшысы Ангелик Кербер чемпион атанды. Ол шешуші кездесуде азулы қарсылас – америкалық Серена Уильямсты 6:4, 3:6, 6:4 есебімен жеңіп, «Үлкен дулыға» турнирін алғаш рет жеңіп алды.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: sport-express.ru.
• 31 Қаңтар, 2016
Джокович Australian Open турнирін 6-рет жеңіп алды

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 13:39
Болашақ бір палаталы Парламенттің заң шығару қызметі талқыланды
Парламент • Бүгін, 12:55
АҚШ-та бизнестің 39%-ы әйелдерге тиесілі
Бизнес • Бүгін, 12:50
Атырау облысының төрт ауданына жаңа прокурор тағайындалды
Аймақтар • Бүгін, 12:39
Астана әуежайында ауа райы салдарынан 11 рейс кешігіп қонды
Қоғам • Бүгін, 12:24
Қоғам • Бүгін, 12:12
31 желтоқсан күні Астанада қандай мерекелік концерттер өтеді?
Елорда • Бүгін, 12:00
КТК теңіз терминалы мұнай қабылдауды тоқтатты
Экономика • Бүгін, 11:50
Ел спортшылары қысқы Олимпиада ойындарында қандай киім үлгісімен өнер көрсетеді?
Спорт • Бүгін, 11:38
Перу дәрігерлері сиам егіздерін ажыратты
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 11:30
Солтүстік Корея қанатты зымырандарды сынақтан өткізді
Әлем • Бүгін, 11:25
Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан ел намысын кімдер қорғайды?
Спорт • Бүгін, 11:15
Жапония Абай облысына 7 млн доллардан астам қаражат бөледі
Аймақтар • Бүгін, 11:00
Биыл Президент Әкімшілігі 82,5 мың өтінішті қараған
Саясат • Бүгін, 10:50
«Салық амнистиясы»: кімдердің айыппұлы кешіріледі?
Экономика • Бүгін, 10:40