АҚТӨБЕ. 1 ақпан. Өткен жылы күзде Ұлттық медицина орталығы жанындағы республикалық трансплантология орталығының басшысы, академик, медицина ғылымдарының докторы Жақсылық Досқалиев облыстық клиникалық аурухана базасында бүйрек ауыстыру операциясын жасап, БАҚ өкілдерімен болған брифингте 2016 жылы мұнда бауыр ауыстыру отасы жасалатынын айтқан болатын. Міне, сол сәт те жетті. Еліміздің батыс аймағында алғаш рет Ақтөбеде бауыр ауыстыру операциясы жасалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оңтүстік Кореяның Сеул ұлттық университетінен келген Кванг Вунг Ли және академик Жақсылық Досқалиев бастаған ақтөбелік білікті хирургтер 38 жастағы әйелдің бауырын ауыстырды. Бұл операция 7 сағатқа созылды. Науқастың жағдайы жақсы. Бұл туралы облыстық ауруханада өткен баспасөз конференциясында хабардар етілді.
Бауыр ауыстыру бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жасалып келген екен. Студентер мен дәрігерлер бауыр ауыстыру сәтін мәжіліс залындағы экраннан көрді.
Дерті дендеген әйел бұған дейін дәрі-дәрмектің күшімен өмір кешкен. Оған туған інісі бауырын беруге келіскеннен кейін Сеул университетінің дәрігерлерімен бірлесе отырып, апалы-інілі екеуіне медициналық тексеру жүргізілген. Оңтүстік Кореядан келген профессор Кванг Вунг Лидің айтуынша, бауыры алмастырылған әйел әлі де үш аптадай ауруханада жатады. Ал туған әпкесіне бауырының 70 пайызын берген жігіт бәрі сәтті болса,10 күннен соң үйіне оралады. Дәрігерлердің кеңестерін мүлтіксіз орындап, күтініп жүрсе, оның ағзасы алдағы 6 айдың ішінде толықтай қалпына келеді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің мәлімдеуінше, болашақта облыста трансплантологиялық орталық ашылады деп күтілуде. Бұдан былай ақтөбелік дәрігерлер бауыр ауыстыру операциясын өздері жасайды. Биыл осындай 5 ота жасау көзделуде. Дерек көздерінен мәлім болғанындай, жалпы облыста 128 адам бүйрек , ал, 60 адам бауыр ауыстыруды күтуде екен.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Хайредин Раушанов.

Атырау облысында бұзақылық дерегімен 121 адамға сот үкімі шықты
Аймақтар • Бүгін, 19:38
ҚазҰУ-да Парламент депутаттарының қатысуымен академиялық тыңдаулар өтті
Ата заң • Бүгін, 18:17
Президент Конституциялық комиссия жетекшілерімен жұмыс кеңесін өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді
Ата заң • Бүгін, 18:00
«Ауыл» партиясы: Қызылордада жаңа Конституция жобасы талқыланды
Аймақтар • Бүгін, 17:42
Ұлттық музейде Жаңа Конституция жобасы талқыланды
Өнер • Бүгін, 17:27
Ақтауда ірі өрт болды: Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр
Оқиға • Бүгін, 17:19
Қаңтар айында пәтер бағасы қалай өзгерді?
Қоғам • Бүгін, 17:09
Жаңа Конституциядағы отбасы және неке нормалары сарапшылар талқысына түсті
Ата заң • Бүгін, 16:58
Магеррамов: Жаңа Конституция мемлекет саясатының жаңа бағдарын айқындайды
Қоғам • Бүгін, 16:56
Жазушылар жаңа Конституцияның рухани өзегін талқылады
Ата заң • Бүгін, 16:44
«Ауыл» партиясының жастары Конституциялық реформаны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 16:31
Конституция жобасы партиялық пікірталас тақырыбына айналды
Ата заң • Бүгін, 16:08