01 Ақпан, 2016

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі комитет төрағасымен кездесті

193 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01-02-2016 kizilzharПЕТРОПАВЛ. 1 ақпан. Қызылжар өңіріне іссапармен келген Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер аймақ басшысы Ерік Сұлтановпен кездесті. Кездесу барысында азаматтық қорғау саласына қатысты міндеттер талқыланды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Комитет төрағасы жедел-құтқару жасағының қызметімен, ведомствоға қарасты мекемелердің материалдық-техникалық базасымен, техникалық жағдайымен танысты. Іссапар бағдарламасына сәйкес қалалық мәдениет үйінің акт залында облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Манкеевтің қатысуымен департаменттің жұмыс қорытындылары шығарылып, алдағы міндеттері белгіленді. Аумақтық органның және ведомствоға қарасты мекемелердің қызметкерлері алдында департамент басшысы Павел Филиппов, сондай-ақ, құрылымдық бөлімшелер жетекшілері есеп берді. Облыста жағдай бақылауға алынған. Осыған байланысты көрсеткіш бойынша, өрт жағдайы 5 пайызға, тілсіз жаудан қаза тапқандар 17 пайызға, ал зардап шеккендер 24 пайызға азайған. Апаттық-құтқару қызметтері өрттерге, апаттық-құтқару жұмыстарына және өзге де қауырт жұмыстарға қарсы 2 мыңға жуық  шаралар ұйымдастырған. 167 адам құтқарылып, 265  адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілген. Сондай-ақ, 800 миллион теңгенің  материалдық құндылықтары сақталынған. Өмір Есқали. Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.