01 Ақпан, 2016

«Өз үйім» бағдарламасы Қызылордадан басталды

453 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? ҚЫЗЫЛОРДА. 1 ақпан. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» «Өз үйім» жаңа бағдарламасы Қызылорда облысынан бастау алды. Осы бағдарлама аясында Қызылорда қаласында 40 мың шаршы метр 12 көпқабатты тұрғын үй салынатын болады. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Осы келісім негізінде қаладағы «Сырдария» мөлтек ауданынан 100 пәтерлік 2 көпқабатты тұрғын үйдің ағашқы іргетасы қаланды. Ал қалған 500 пәтерді құрайтын 10 көпқабатты тұрғын үй жаңадан бой көтеретін «Арай-3» шағын ауданында салынады. Бұл жыл ішінде «Өз үйім» бағдарламасы арқылы  600 қызылордалық баспаналы болады деген сөз. Мұнан басқа дәл осы күні «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның қаржыландыруымен «Сәулет» шағын ауданында 350 пәтерді құрайтын 7 көпқабатты тұрғын үйдің алғашқы іргетасы қаланды. Жобаның жалпы құны 2 млрд. 940 млн. теңге. Облыс басшысы мердігер мекемеге құрылыстың сапасына мән беруді тапсырды. Қорыта айтқанда, жыл басының өзінде Қызылордада 19 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Облыс басшылығы биыл да 2 мыңнан астам сырбойылық баспаналы болады деп жоспарлап отыр. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz ????????????????????????????????????