01 Ақпан, 2016

Қызылордалық полицейлер мал ұрыларын ұстады

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01.02.2016 QZO-2 ҚЫЗЫЛОРДА. 1 ақпан. Сырдария ауданы ішкі істер бөлімі Жергілікті полиция қызметкерлерінің ұйымдасқан жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 1 тәулік ішінде мал ұрлығы ізі суымай ашылып, әккі ұрылар қолға түсті. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Атап айтқанда, 2016 жылғы 26 қаңтар күні сағат 04.00 шамасында Сырдария ауданы, Ақжарма ауылында 48 жасар ауыл тұрғынының мал қорасынан бір бас қойын ұрлап бара жатқан жерінен 19 жастағы және 26 жастағы екі азамат ұсталды. Оларға қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер АІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Дәл осындай дерек 26 қаңтар күні сағат 18.00 шамасында Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде де болған. Осы ауданның 41 жастағы тұрғынынан Асқар Тоқмағамбетов ауылына қарасты 8-разъезд бекетінің аумағындағы өрістен қара төбелі мен құнажанын ұрлап кеткендігі жайлы арыз келіп түседі. Арыз негізінде іздестіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде қылмысқа күдікті ретінде арызданушының 37 жастағы туысқаны ұсталды. Тергеу жұмыстары барысында күдікті азаматтың малдарды 43 жастағы ауыл тұрғынына сатып жібергені анықталды. Қазіргі таңда, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz