01 Ақпан, 2016

Қазақстан спортшылары Жапонияда құрмет тұғырынан көрінді

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
01.02.2016 AST-2jpg АСТАНА: 26-30 қаңтар күндері Жапонияның Токио қаласында велоспорттан Азия чемпионаты өтті.  Жарыста ересектер арасында скретчтен өткен сында Қазақстан спортшысы Роберт Гайнеев күміс жүлдені иеленді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ал жастар арасында Карим Бузин 4 шақырымдық командалық жарыста қола жүлдегер атанса, скретч сайысында  төртінші орынды иеленді. Енді Роберт Гайнеев пен Карим.Бузин тамыз айында өтетін әлем чемпионатына қатысады. Оларды жаттықтырушылар Руслан Ягафаров пен Берік Көпешов дайындайды. Осы чемпионатта Жанерке Сынақбаева мен Валерия Тихонова  командалық спринтте қола медальді иеленді. Сол сияқты велотрек жарысында Кирилл Рудер, Максим Налетов пен Сергей Пономарев те үшінші орыннан көрінді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті. 01.02.2016 AST-3jpg 01.02.2016 AST-4jpg