02 Ақпан, 2016

Ел Парламентінің тарихымен танысты

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Л.Н. Гумилев атындағы Еура­зия ұлттық университеті мен әл-Фара­би атындағы Қазақ ұлттық уни­верситетінің студенттері Қазақ­стан Республикасының Парла­мен­тінде болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі. Шара барысында болашақ заңгерлер, саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар жоғары заң шығару органының ғи­маратына саяхат жасап, Сенат пен Мәжі­лістің отырыс залдарында, бірлескен оты­рыс залында, халықаралық кездесу залында, баспасөз орталығында, кітап­ха­нада болды, жұмыс органдарының қыз­метімен танысты. Саяхат барысында Сенат пен Мәжіліс аппараттарының қызметкерлері қос палаталы Парламенттің тарихымен таныстырды. Осыдан дәл 20 жыл бұрын, 1996 жылғы 30 қаңтарда Қа­зақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парла­менттің алғашқы отырысын ашқан бо­латын. Студенттерге түрлі шақыры­лым­дағы де­путаттардың қызметі туралы әңгі­меле­ніп, шетелдік парла­мент­тік деле­га­ция­лардың естелік сыйлық­тарының көрмесі көрсетілді. Парламентте болған кездерінде студенттер Сенат депутаты Бірғаным Әйті­мовамен кездесіп, Қазақстан парла­мент­аризмінің дамуы туралы лекциясын тыңдады, сондай-ақ, заң шығару жұмыс­тарының ерекшеліктері мен кейбір құқықтық актілердің мазмұны туралы қойылған сауалдарға жауап алды.