03 Ақпан, 2016

АҚШ-та торнадоның салдарынан ондаған үй қирап қалды

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-02-2016 tornadoАСТАНА. 3 ақпан. АҚШ-тың Миссисипи және Алабама штаттарында жойқын торнадо соғып, ондаған үй қирап қалды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жергілікті басшылықтың мәлімдеуінше, жалпы саны 6 адам қаза тапты. Ал зардап шегушілер жайлы нақты ақпарат жоқ. Табиғат апатынан мектептерге, шіркеулерге және түрме орындарына зиян келген. Қазіргі кезде төтенше жағдайлар қызметкерлері оқиға орнында құтқару жұмыстарын жүргізуде. Қиратындылар арасында адамдар болуы мүмкін деген болжам бар. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: rrnews.ru.