03 Ақпан, 2016

Атыраулық кәсіпкер 99 жастағы кейуанаға үй салып берді (фото)

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03-02-2016-atyrau 04АТЫРАУ. 3 ақпан. Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы кәсіпкер Нұрлан Құсайынов 99 жастағы майдангер жесіріне баспана тұрғызып берді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Құрманғазы ауданының Асан ауылында тұратын 99 жастағы майдангер жесірі Уағиса Мұхтарқызы аудан әкімі Амангелді Барақатовтан шағын үй салып беруге көмек сұрапты. Ғасыр жасаған кейуананың өтінішін орындауға талпынған аудан әкіміне кәсіпкер Нұрлан Құсайынов қолдау көрсетіпті. Сөйтіп, кәсіпкер жігіт аудан орталығынан 170 шақырым қашықтықтағы Асан ауылына құрылысшыларын, қажетті материалдар мен техникаларын ала келді. Нәтижесінде ғасыр жасындағы ана үшін жайлы баспананың құрылысы дереу басталып, аз уақытта аяқталды. Жақында жасы 100-ге жақындаған Уағиса Мұхтарқызы келіні және 2 немересімен бірге жаңа баспанаға ие болды. Өзінің өтінішін аяқсыз қалдырмай, көл-көсір қуанышқа кенелткен қайырымды жандарға алғысын айтып, батасын берді. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев. 03-02-2016-atyrau 01 03-02-2016-atyrau 02 03-02-2016-atyrau 03