03 Ақпан, 2016

Ертең Қазақстан альпинистері Эверестке шығуды бастайды

389 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03.02.2016 AST АСТАНА. 3 ақпан. Қырғызстандағы Ала-Арша аңғарындағы техникалық сыныпта альпинизмнен әлем чемпионаты басталды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Украинаның 7 командасы қатысады. Жазда командалар бұрынғы КСРО-ның 7 000 метрде орналасқан шыңына көтеріледі. Әрі қарай альпинистер теңіз деңгейіндегі 8 848 және 8 611 метр биіктікте орналасқан әлемнің ең биік нүктелері Эверест пен К2-нің шыңына шығуды жоспарлап отыр. Қазақстан командасының құрамында Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары қатысады. Жаттықтырушылар штабының командасында альпинизмнен еңбек сіңірген спорт шебері лейтенант Василий Пивцов бар. Команданың негізгі құрамында альпинизмнен 1-дәрежелі спортшы Қорғаныс министрлігінің қызметкері Тұрсынәли Әубәкіров қатысады. Қосалқы құрамда кіші сержант Вячеслав Орлов болады. Қазақстан альпинистері 4 ақпанда Эвереске шығуды бастайды. Чемпионат 14 ақпанға дейін жалғасады Альпинистерге «Еркін Корея», «Тәж», «Бокс», «Симагин шыңы», «Семенов-Тян-Шанскийдің шыңы», «Байлан Башы» және «Бәйшешекей» шыңына шығуға тура келеді. Бұл шыңдардың күрделілігі 5А-дан бастап 6А-ға дейінгі санаттарға жатады. Яғни, орташа күрделілік дәрежесі. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. ??????????????????????????????????????????????????????????