03 Ақпан, 2016

Қызылордалық шаруа өзінің 178 гектар жерін сақтап қалды

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03.02.2016 QZO ҚЫЗЫЛОРДА. 3 ақпан. Қызылордалық «Атамұра» шаруа қожалығы 41 отбасынының егін егіп, табыс табуына жағдай жасап отырған кәсіпкерлік нысаны. Алайда өткен жылы кәсіпкер қиындыққа тап болып, Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасынан құқығын қорғауды сұрайды. Бұл туралы аталған мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Мәселе мынада. 2015 жылы Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы қожалықты жерді мақсаты бойынша пайдаланбауына байланысты мәжбүрлеп алып қоюды сұрап  сотқа арыз береді. Аталмыш басқарманың арыз беруіне «Атамұраға» Шиелі ауданы Иіркөл ауылына қарасты 178 га жерді мақсаты бойынша пайдаланбауына орай заң бұзушылықтарды жою жөнінде 2014 жылы берілген нұсқамасының орындалмауы себеп болады. Осы орайда, Кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалы қызметкерлері кәсіпкердің мүддесін білдіру үшін сот прецесіне қатысып, «Жер кодексінің» 92-бабына сай кәсіпкердің жерді өзіне қалдыруға мүмкіндігі бар екендігін дәлелдеп шықты. Нәтижесінде кәсіпкер 178 га жерін, 41 отбасы күнкөрісін сақтап қала алды. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz