03 Ақпан, 2016

Оңтүстікте Төлешов туралы гу-гу басылмай тұр

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03.02.2016 OQO ШЫМКЕНТ. 3 ақпан. Оңтүстікте ірі кәсіпкер, әйгілі «Шымкентсыра» кәсіпорнының президенті Тоқтар Төлешов туралы гу-гу әңгіме басылмай тұр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Кәсіпкердің не үшін қамауға алынғанын Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған. Оған алып қосар ештеңе жоқ. Әсілінде, ол қаржысының бір бөлігін әлеуметтік салаға, жетім-жесірге жұмсайтын қайырымды жігіттердің санатынан болатын. Құдай тура жолдан адастырмасын деңіз. Ал, бізге белгілі болғаны, «Шымкентсыра» зауыты ұжымы желтоқсан айының айлығын алмапты. Мемлекеттік еңбек инспециясының мәліметінше жалақыға қарыз 27 млн.теңгеге жеткен. Алайда, зауыт басшылығы мұның Тоқтар Төлешовке еш қатысы жоғын, қыс мезгілінде сыраның өтпеуімен байланыстырып, жуық арада қарызды жабатындарын айтады. Баспасөз мәслихатында осы деректер айтылды. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz