03 Ақпан, 2016

Оңтүстікте 30 млрд. теңгенің мүлкі заңдастырылған

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03.02.2016 OQO-2 ШЫМКЕНТ. 3 ақпан. Облыста құны 30 млрд. теңге болатын 3361 нысан заңдастырылған. Бұл туралы облыстық қаржы басқармасы берген дерекке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оның ішінде 19 млрд. теңгеге 2725 тұрғын үй мен 11 млрд. теңгеге 636 коммерциялық нысандар заңдастырылған. Оңтүстік Қазақстан облысы осындай нәтижемен еліміз бойынша үшінші орында келеді. Мүлікті жария ету туралы өтініштерді қарау мерзімі мен комиссия жұмыстары бойынша заң бұзушылықтар жоқ. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz