03 Ақпан, 2016

Оңтүстікте болат құю зауыты болады

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
03.02.2016 OQO-4 ШЫМКЕНТ. 3 ақпан. Оңтүстік Қазақстан облысында 11 индустриялды аймақ бар. Соның бірі Ордабасы ауданындағы аймақта болат құю зауыты ашылады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Зауыт құрылысы жыл соңында бітеді деп жоспарлануда. Өндіріс орнында жылына 150 мың тонна болат құйылып, құрыш табақтары мен су сорғы корпустары шығарылады. Зауыт құрылысын «Karlskrona LC AB» серіктестігі жүргізуде. Жылына 6500 дана тиегіш сорғы мен дискілік айналма бекітпелер шығаруға мүмкіндігі бар «Karlskrona LC AB» ЖШС-нің автоматтандыру деңгейі жоғары болуының есебінен 40 адам жұмыспен қамтылған. Мұнда шығарылатын өнімдердің 90 пайызын «ҚазАтомӨнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның уран өндіруші кәсіпорындары мен Оңтүстік Қазақстан облысынан бөлек Алматы, Маңғыстау, Атырау және Шығыс Қазақстанның су арналары сатып алады. Өнімнің 10 пайызы Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанға экспортталмақ. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz