03 Ақпан, 2016

Ақмолада Өзбекстан азаматы 3 тәулікке қамауда отырды

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

03-02-16-kodeks-1

КӨКШЕТАУ. 3 ақпан. Ақмола облысы, Целиноград аудандық соты Өзбекстан Ресубликасының азаматына қатысты әкімшілік іс қарап, оны 3 тәулікке қамау жөнінде шешім шығарды. Бұл туралы облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Сотта ішкі істер органдарының тіркеуінен өтпей, Целиноград ауданының Тайтөбе ауылында Өзбекстан Республикасының азаматы тұрып жатқаны анықталған. Осыған байланысты ер адам көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуі және онда болуы қағидаларын өрескел бұзған. Сот қаулысымен Өзбекстан Республикасының азаматы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 517-бабы, 2-тармағында («Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы») қарастырылған әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.