04 Ақпан, 2016

Тыныштық күзетінде

490 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
3-34Қазақстан Республикасы Қа­рулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің 44813 әскери бөлімі өзінің құрылуының 13 жылдығын атап өтті. Бөлім жеке құрамы күндіз-түні кез келген ауа райы жағдайында Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілеттілігіне қомақты үлес қоса отырып, елордамыздың әуе кеңістігін, Қазақстанның әуе шептерін күзету жөнінде жауынгерлік кезекшілікті атқарады.   Қазіргі уақытта бөлім қарсыластың әуеден шабылдау құралдарын анықтау және жою жөніндегі жоғары жауынгерлік мүмкіндіктері бар заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етілген. «Құрметті әріптестер, жауынгер дос­тар, сіздерді бөлімнің құрылу күнімен құттықтаймын. Баршаларыңызға абы­­ройларыңызды сақтай отырып, Ота­нымызға адал қызмет етуге, Қазақстан армиясының жауынгері жоғары атағына лайықты болып, оны мақтанышпен алып жүрулеріңізге тілектеспін», – деді бөлім командирі полковник Бағдат Нұрпейісов. Құрылған сәтінен бастап бөлім­нің жеке құрамы «Қалқан» және «Жауынгерлік достастық» сияқты так­тикалық оқу-жаттығуларға қатысты, Қазақстан Республикасының Прези­дентінен Құрмет грамотасын алды, 2004 жылы бөлімге Жауынгерлік ту табыс етілді. Жауынгерлік дәстүрді еселей отырып, жеке құрам жылдан-жылға жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықта үздік нәтижелер көрсетуде. Бөлім әскери қызметшілері өткізілетін жауынгерлік әзірлік тексерістерінде, жауынгерлік оқ атуларда, тактикалық оқу-жаттығуларда өздерінің дағдысы тиісті кәсіби деңгейде екенін дәлелдеп жүр. Салтанатты іс-шара барысында бөлім командирі жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлықтағы үздіктерді Құрмет грамотасымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. «Егемен-ақпарат».