Көрнекті ғалым, Семейдегі Абай мұражайын құрушы, Қазақстанның тұңғыш Әнұранының авторы, ақын, аудармашы, Алаш арыстарының ізін жалғастырушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қайым Мұхамедхановтың туғанына 100 жыл толуы аталып өтуде.
Қасиетті өлкеде дүниеге келіп, халқымыздың бай ауыз әдебиетімен сусындап өскен Қайым, әсіресе, Абай, Шәкәрім, Мұхтар шығармашылықтарын зерттеп, зерделеп, ойына түйіп өсті. Семей педагогикалық институтының филология факультетін үздік бітірген болашақ ғалым ұзақ жылдар осы оқу орнында қазақ әдебиеті тарихынан дәріс оқыды. Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовпен өмірінің 20 жылдан астам уақытында бірге болып, келешек ғылыми-зерттеу жұмысына бағыт-бағдар алды. Мұхтар Әуезовтің кеңесімен «Абайдың ақындық мектебі» тақырыбын зерттеп, кандидаттық диссертация қорғады. Ұзақ жылдар Абайдың өмірі мен шығармаларының жазылу тарихын зерттеп, ұлы ақын поэзиясының текстологиясын жасады.
Өміріндегі көрген бейнеті мен зейнеті бағаланып, 1996 жылы 30 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолынан Мемлекеттік сыйлық алды. Сонда Қайым: «Мен жасым тоқсанға айналғанда мынадай құрметке бөленем деп ойлаған жоқ едім. Құдай бұған да жеткізді», деп тебіренді.
Ғалымның туғанына 100 жыл толуына орай елімізде көптеген шаралар өтуде. Республикамыздағы ең көне музейлердің бірі Семейдің облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында Қайым Мұхамедхановтың 30-дан аса жеке құжаттары мен өзінің тұтынған заттары сақтаулы. «Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» деп халық даналығында айтқандай, Қайым Мұхамедхановтың мұрасы болашақ ұрпаққа өнеге екені даусыз. Ғалымның мерейлі кезеңіне арнап, музейде «Қазақтың ұлы Қайымы» атты тарихи-танымдық кеш болып өтті. Кешке қатысушылар ғалым өмірінің әр қырына тоқталып, өнегелі өмірінен сыр шертті. Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті жанындағы «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты Ақмарал Смағұлова «Қайым Мұхамедхановтың шығармашылығы мен өмірбаяны» тақырыбында қорғаған кандидаттық диссертациясы арқылы ұлағатты ұстаздық жолы мен ғұлама ғалымдығы жайында әңгімелесе, тарихи мәселелерге қалам тартып жүрген ғалымның шәкірті Құсмилия Нұрқасым Қайым атаның Алаш әдебиеті рухында тәрбиеленген қайраткер екендігіне тоқталды. Қайым Мұхамедхановтың өлеңдері, поэмалары, аударма өлеңдері өз алдына бір төбе. Оның ақындығы жайында республикалық «Абай» журналының бас редакторы, ақын Мұратбек Оспанов сөз етті.
Қайым Мұхамедхановтың ХХ ғасырдың көрнекті тұлғаларымен алысқан хаттары кітап болып жарыққа шыққан. Осы «Қайым Мұхамедханов «Хаттар сөйлейді» кітабында отандық тарих пен ғылым, өлкетану мен мәдениет туралы, Карлагта өткізген ауыр репрессия жылдары жайлы фактілер келтірілген. Кеш соңында аталмыш кітапты баласы Дегдар Қайымұлы музей қорына тапсырып, музей мамандарына алғысын білдірді.
Кеште Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы» сияқты Қайымның сүйіп тыңдайтын әндері шырқалды.
Ләззат ӘЛЖАН,
Семейдің облыстық
тарихи-өлкетану
музейінің бөлім басшысы.

Еуроодақ мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе?
Әлем • Бүгін, 20:20
Нөмірін жасырғандар жазаланады
Қоғам • Бүгін, 19:09
«Зейнетақыңызды көбейтеміз»: жаңа алаяқтық тәсіл пайда болды
Қоғам • Бүгін, 18:40
Жұмыс орнындағы жанжал адам өліміне әкелген
Қоғам • Бүгін, 18:16
Димаш Құдайбергеннің әкесі «Парасат» орденімен марапатталды
Мәдениет • Бүгін, 17:54
Министрлік әлем чемпионатына баратын жанкүйерлерге маңызды мәлімдеме жасады
Футбол • Бүгін, 17:48
Щучинскідегі жарылыс: 12 адамның өмірін қиған іс бойынша тергеу аяқталды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Жаңа ипотекалық жоба арқылы аяқталмаған үйлерден пәтер алуға болады
Қоғам • Бүгін, 17:35
Астанада көлік өртенді: Зардап шеккендердің қазіргі жағдайы қалай?
Оқиға • Бүгін, 17:25
«Президент сарайын жақыннан көру мүлде бөлек сезім»: Балалар Ақорданы аралады
Балалар • Бүгін, 17:15
Қазақстан мен Өзбекстанның салық режимі: Бизнес үшін қайсы тиімді?
Салық • Бүгін, 17:12
Президент Гонконг Әкімшілігінің Басшысы Джон Лимен кездесті
Президент • Бүгін, 17:06
Люксембургтің Қазақстан арқылы әуе жүк тасымалы қайта жанданады
Логистика • Бүгін, 16:51
«Самғау» орталығында 5 000-ға жуық бала тегін білім алады
Ғылым • Бүгін, 16:48