04 Ақпан, 2016

«Қауіпсіздік» және «сыртқы саясат»

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
санаты бойынша ҚСЗИ алғаш рет әлемдік «ақыл-ой» орталықтарының рейтингіне енді Республика Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) Дүниежүзілік сараптамалық орталықтардың 2015 жылға арналған индекс-рейтингісінде бірден төрт номинацияда орынға ие болды. Бұл рейтинг 1989 жылдан әлемдегі алты мыңға жуық «ақыл-ой орталықтарының» қызметін талдау негізінде сараптамалық құрылымдардың жетістіктері мен олардың даму үрдістерін анықтау бойынша Пенсильвания университетінің «Сараптамалық орталықтар мен азаматтық қоғам» зерттеу бағдарламасы аясында жасалады. Рейтингтің қорытындысы бойынша (http://repository.upenn.edu/think_tanks/10/) ҚСЗИ қауіпсіздік, қор­ғаныс және сыртқы саясат сала­сындағы 100 ең үздік зерттеу орталықтарының қатарына қо­сылды. Сонымен қатар, институт алғаш рет үздік мемлекеттік «ақыл-ой» орталықтарының тізіміне енді. ҚСЗИ бұл тізімде әлем бойынша 57-ші орынды иеленіп отыр. Орталық Азиядағы үздік са­раптамалық құрылымдардың арасында ҚСЗИ алғашқы үштікке еніп, өз орнын сақтап қалды, сондай-ақ, энергетика және шикізат саясатын зерттеу саласында 33-ші орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіштер Қазақстандағы сараптамалық орта­лықтардың рөлі артып келе жат­қанын көрсетеді. Отандық «ақыл-ой» орталықтарының жариялап отырған ғылыми-сарапшылық материалдарына шетелдерде жиі сілтеме жасалады. ҚСЗИ Республика Прези­ден­тінің 1993 жылғы 16 маусымдағы Жар­лығымен құрылды. 2014 жыл­дың сәуір айынан Қазақстан Президентінің Жарлығымен Ас­тана қаласына көшірілді. «Егемен-ақпарат».