04 Ақпан, 2016

Кенеттен жүргізілген тексеріс

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Иманғали ТасмағамбетовҚорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов арнайы мақсаттағы жауынгерлердің жасағына тексеріс жүргізді. Кенеттен тексеру шеңберінде «Оңтүстік» және «Батыс» өңірлік қолбасшылықтарының арнайы мақсаттағы жасақтары жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Дабыл белгісі бойынша әс­кери қызметшілер жауынгерлік есеп­топқа сәйкес іс-шараларды орындады. Әскери-көліктік авиация және автомобильдік техника тартыла отырып, жауынгерлік арналым аудандарына арнайы мақсаттағы бөлімшелерді бір жерден екінші жерге алмастыру жүзеге асырылды. Кенеттен тексерудің басты мақ­саты белгіленген мерзімде қой­ылған жауынгерлік тапсырма­ларды орындау кезінде арнайы мақсаттағы бөлімшелердің іс-қимылдарының үйлесімін бағалау болып табылады. Бүгінгі таңда жауынгерлік әзірлікті тосыннан тексеру Қарулы Күштердің шынайы жауынгерлік әзірлігін айқындаудың пәрменді әрі батымды тәсілі, сондай-ақ, әскерлердегі істердің шынайы мән-жайын зерделеудің маңызды үлгісі болып қалуда. Кенеттен тексеру кезінде бө­лім­шелердің іс-қимылдарының үйлесуі, әр жауынгердің өзінің орағытуын білуі мен шебер орын­дауы, басқаруды ұйымдастыру, әскер түрлері мен тектері ара­сындағы өзара іс-әрекет мәсе­ле­леріне ерекше көңіл бөлінеді. «Егемен-ақпарат».