04 Ақпан, 2016

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

657 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
29-12-2015-Elbasy-«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы  Қаулы етемін:
  1. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысы осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысы осы Жарлыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакция­да жазылсын; 4) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының саптық жарғысында: 32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Адыммен қозғалыс жасау минутына 95-105 адым қарқынымен жүзеге асырылады. Адымның ұзындығы – 60-70 см.»; 33-тармақтың төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын анағұрлым еркін, созбай, аяқты жерден 10-15 см биіктікке алға көтеру және табанды нық басу керек. Иықтан бастап қолдарымен дененің айналасында қозғалыс жасау керек: алға қарай – оларды белдік тоғасынан жоғары алақанның енінде және денеден алақан аралығына көтерілетіндей, ал шынтақ қол білегінің деңгейінде болатындай етіп еркін, шынтақтан бүгу; артқа қарай – иық буынында 25-30° бұрышқа қатайтпай еркін жазу керек (бел ортасынан 15-20 см). Қолдардың саусақтары жартылай бүгіліп (3-сурет), басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.»; 35-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Осы команда бойынша адым аяқты көтерумен және түсірумен жасалады, бұл ретте аяқты жерден 10-15 см көтеру және оны ұшынан бас­тап табанды толық басу керек; қолмен адым ырғағына сәйкес қозғалыс жасау керек (4-сурет). Сол аяқты жерге қоюмен бір уақытта берілетін «ТУРА» командасы бойынша оң аяқпен орнында тағы бір адым жасау және қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек. Бұл ретте алғашқы үш адым саптық болуы керек.»; 76-тармақ алып тасталсын; 78-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «ТҮЗЕЛ» командасы бойынша оң жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын оңға бұрады және түзеледі. «Солға – ТҮЗЕЛ» командасы бойынша сол жақ қапталда тұрғаннан басқасының барлығы басын солға бұрады.».
  1. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ   Астана, Ақорда, 2016 жылғы 2 ақпан. №187 _____________________  «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 2 ақпандағы № 187 Жарлығына ТҮСІНДІРМЕ Осы Жарлық Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ қолданыстағы заңнаманың өзгеруіне және күштік құрылымдардың қайта ұйымдастырылуына байланысты әзірленді. Ішкі қызмет жарғысы, Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы, Тәртіптік жарғы жаңа редакцияда жазылды. Ішкі қызмет жарғысында әскери қызметшілердің жалпы құқықтары мен міндеттері және қаруды қолдану тәртібі келтірілген. Ол ішкі тәртіпті, әскери қызметшілердің жалпы құқықтарын, міндеттерін, негізгі лауазымды адамдардың міндеттерін айқындайды. Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысында гарнизондық және қарауыл қызметтерін ұйымдастыру мен атқарудың, гарнизондық іс-шаралар өткізудің тәртібі айқындалған. Жаңа редакцияда гарнизон бастықтарының өкілеттіктері мен жауапкершілігі кеңейтілген. Келесі бір толықтыру қылмыстық-атқару заңнамасы шеңберінде әрекет ететін ұлттық сындарлы тетік қатысушылары мен қоғамдық-бақылау комиссиялары мүшелерінің гауптвахталарды тек­серуді жүзеге асыруына рұқсат ету болып табылады. Әскери қызметшілерді жерлеу және әскери құрмет тұту рәсімдері де нақтыланды. Тәртіптік жарғыда әскери тәртіп ұғымы мен оның мәні, әскери қызметшілердің әскери тәртіпті ұстанудағы міндеттері, ынталандырулардың, тәртіптік теріс қылықтар мен тәртіптік жазалардың түрлері, қызметтік тергеп-тексеру жүргізудің тәртібі, әскери қызметшілерді жауаптылыққа тартудың тәртібі айқындалды. Саптық жарғы аздап өзгерістерге ұшырады, онда сапта жүріп-тұру қимылдарына қойылатын талаптар өзгерді. Осыған сәйкес саптық плацтағы саптық алаңды белгілеп сызу өзгертілді. Тұтас алғанда, Жарлықты іске асыру Қарулы Күштер мен бас­қа да әскери құралымдардың қызметін заңнамаға сәйкес кел­тіріп, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға мүмкіндік береді. ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі