04 Ақпан, 2016

Кәсіпкер «жедел жәрдем» көлігін сыйлады

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC_3913Елбасы Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Нұр Отан» партиясының ХVІІ съезінде мемлекеттік-жеке­меншік әріптестікті дамыту жөніндегі тапсырмасын жү­зеге асыру Атбасар ауданында бел­сенді сипат алуда. Жуырда осы игі істің бір мысалының куә­сі болдық. Облысқа танымал кәсіп­кер, «Құрмет» орденінің иегері Уәлихан Әріпов Покровка ауы­лындағы фельдшерлік-акушерлік пунктке жаңа «жедел жәрдем» автокөлігін сыйға тартты. Ауыл тұрғындары «жедел жәрдем» көлігінің жоқ­ты­ғы­нан көптеген қиындықтар кө­ріп келгенін білеміз. Ауыр сырқаттарды аудан орта­лы­ғын­дағы ауруханаға жеткізу ма­ша­қатынан құтылғанына тұрғындар дән риза. Сондай-ақ, фельдшерлік пункттің отын-суы, жөндеу жұ­мыс­тары да кәсіпкердің көмегі­мен атқарылатынын, ауыл мекте­біндегі оқушылардың ыстық та­мағы ұйымдастырылғанын айта кеткіміз келеді. Ауыл қуанышына ортақтасқан облыс әкімі Сергей Кулагин қа­зір «Покровка» ЖШС дирек­торы қызметіндегі Уәлихан Сәпи­ұлы­ның бастамасы өзге кәсіпкерлерді де қозғалысқа салатынына сенім білдірді және жомарт азаматқа алғыс айтты. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы, Атбасар ауданы.