04 Ақпан, 2016

Қостанайда «Тәуелсіздікке тағзым» атты концерт өтті

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-02-2016-an keshy 1ҚОСТАНАЙ. 4 ақпан. Қостанайда Торғай таланттарының концерті өтті. Ол Тәуелсіздік жылдарынан бері алғаш рет ұйымдастырылды. Бұл туралы kostanaytany.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Концертте Торғай өңірінен түлеп ұшқан талантты сазгерлердің әндері шырқалды. Кештің мақсаты ретро әндермен жұртшылықты сусындату. Облыс орталығындағы концерт залы көрерменге лық толды. Кеште әйгілі Бақытжан Байқадамовтың, Болат Хамзиннің, олардың ізін жалғап жүрген Бақытжан Сәуекеновтің, Қалибек Деріпсалдин мен Алтай Сейітқасымовтың, басқа да көптеген дарынды сазгерлердің танымал әндері шырқалды. Концерттің ерекшелігі, туған жерде тұсауы кесілген әндерді торғайлық әнші, жыршылар, өрімдей өнерпаздар орындады. Ал кеш соңында көрермендер әсем әндерді қосыла шырқады. Белгілі өнерпаз Рысты Ерденова концертті ұйымдастыруға атсалысып, Алтынсарин ауданының әкімі Батырбек Ахметов демеушілік көрсетті. Сондай-ақ, балалар шығармашылық үйінің ұжымы концерт залын тегін берді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: kostanaytany.kz. 04-02-2016-an keshy 2