04 Ақпан, 2016

Бразилияда зика безгегінен 400-ден астам бүлдіршін зардап шекті

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-02-2016-zicaАСТАНА. 4 қаңтар. Бразилияда зика індеті салдарынан 404 бүлдіршіннің микроцефалия ауруымен туылғаны анықталды. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұл көрсеткіш 2014 жылғымен салыстырғанда екі еседен де көп. Зика індетін жұқтырған болашақ анадан микроцефалия ауруымен ауыратын сәбилер дүниеге келеді. Ол өз кезегінде сәбидің бас сүйегінің қажетті мөлшерде өсуіне кедергі жасап, ми құрылысының дамуына зиянын тигізеді. Бұл кезде арнайы вакциналар көмектеспейді 2016 жылдың 27 қаңтар күні аталған індет әлемнің 27 еліне тарағаны белгілі болды. Олар: Барбадос, Боливия, Бразилия, Кабо-Верде, Колумбия, Эквадор, Сальвадор, Фиджи, Француз Гвианасы, Гваделупа, Гайана, Гаити, Гондурас, Мальдив, Мартиника, Мексика, Жаңа Каледония, Панама, Парагвай, Пуэрто-Рико, Сен-Мартен, Самоа, Соломон аралдары, Суринам, Таиланд және Венесуэла. Зика безгегі көбіне қауіпті вирус жұқтырған жәндіктер мен торпикалық аймақтарда өмір сүретін масалар арқылы жұғады. Адамдар арасындағы жұқпалы аурулардың қатарына жатпайды. Дене қызуы, тітіркенуі, буын арасындағы жайсыздық, бас аурулары негізгі белгілері болып есептеледі. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: livemint.com.