04 Ақпан, 2016

Қазақстан шаңғышылары Әлем кубогына қатысты

408 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04.02.2016 AST-2 АСТАНА. 4 ақпан. Норвегияның Драммен қаласында шаңғы жарысынан Әлем кубогының кезеңі өтті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің ақпары бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. Жарысқа Қазақстаннан екі спортшы қатысты. Александр Малышев мәреге 62-ші болып келді. Денис Волотка мәреге 85-ші болып жетті. Ал Малышевты 11,79 секундқа артта қалдырған ресейлік Александр Панжинский классикалық әдіспен өткен спринттік сайыста жеңіске жетті. Айта кететін нәрсе, бұл сынға еліміздің жүлдеге таласа алатын шаңғышыларымыз қатысқан жоқ. Олар 6 ақпан күні Осло қаласында өтетін 50 шақырымдық марафонға дайындалып жатыр. Бұл жарысқа .Алексей Полтаранин де қатысады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті.