04 Ақпан, 2016

Honda компаниясы ақауға байланысты 2,2 млн. көлікті кері қайтаруда

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-02-2016-honda 01АСТАНА. 4 ақпан. Honda компаниясы қауіпсіздік жастықтарына қатысты мәселеге орай АҚШ-та 2,2 млн.-нан астам көлікті кері қайтаруда. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Honda жапондық автокөлік құрайтын компания Takata фирмасының қауіпсіздік жастықтарынан шыққан мәселеге байланысты АҚШ нарығынан 2,23 млн. жеңіл көлікті кері қайтарып жатыр. Компанияның хабарлауынша, бұл көліктердің ішінде Honda фирмасының алты, сондай-ақ, Acura автокөлігінің бес моделі бар. Ақау жүргізуші жақтағы қауіпсіздік жастығының сорғысынан анықталған. Енді бұл сорғылар «альтернативті жеткізушінің» қосалқы бөлшектерімен алмастырылмақ. Компания өкілдері қажетті қосалқы бөлшектер көлемі тым көп болғандықтан алмастыру жұмыстары тек 2016 жылдың жазынан басталатынын атап өтті. Кері қайтарылатын көлік иелерінің барлығы 60 күн ішінде хабардар болады. Сонымен қатар, қауіпсіздік жастығының жұмысына жауап беретін жүйенің әлсіздігінен туындаған мәселеге байланысты Honda АҚШ-та 341 мың автокөлікті кері алдыруда. Қайта алдырылып жатқан көліктер 2008-2010 жылдардағы Accord модельдері. Ақау әлсіз қауіпсіздік жүйесіне ылғалдың түсуінен туындап отыр. Соның салдарынан уақыт өте келе ол жерде тоттану пайда болуы мүмкін, ал бұл бұзылу апат кезінде қауіпсіздік жастығының ашылуына кедергі келтіреді. Қазіргі таңда компания осындай екі оқиғаның тіркелгенін хабарлаған. Ақауды жөндеу жұмыстары барлық көлік иелеріне тегін жасалады. Еламан Қоңыр. Дерек: ТАСС. Сурет: u-f.ru.