04 Ақпан, 2016

Шымкентте қызметкерін азаптаған директор жеті жылға сотталды

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04.02.2016 OQO-2 ШЫМКЕНТ. 4 ақпан. Шымкентте «Дефиле» дүкендер желісінің директоры жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Қазір шекесі қызып жүрген ешкім жоқ. Дүкенде жұмыс жасайтын Тахир Тахтаходжаев деген азаматқа «ақша ұрладың» деп айып таққан директоры оны белгісіз біреулер арқылы ұрлап кетіп, таулы аудандағы саяжайда бірнеше күн қамап ұстаған. Аяусыз ұрып соққан. «Орны жоқ 200 мың теңгені 2млн. теңге етіп қайтарсың» деп талап қойған. Қинап отырып тілхат жаздырып алған. Кейін тағы да ұстап әкетіп, азаптаған. Қамаған жерінен амалын тауып қашып кеткен Тахир полицияға шағымданған болатын. Кейін екі жақ өзара келісіп, жәбірленуші кешірім бергенімен сот зорлықшыны жауапкершіліктен құтқармады. Оған адам ұрлаған және тонағаны үшін үкім шығарды. Көп жағдайда аяусыз ауыр қылмыс жасап, жәбірленушінің ауызын алған қылмыстылар заң аясынан сытылып кеткен оқиғалар болған. Енді ондайларға жол берілмейді. Сот осылайша табандылық танытты. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz