04 Ақпан, 2016

Әскерге шақыру комиссиясының мүшелері тексеріледі

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04.02.2016 AST-7 АСТАНА. 4 ақпан. Биылғы жылы алғаш рет Қарулы Күштерде қорғаныс істері жөніндегі аумақтық органдардың әскери қызметшілері, жастарды әскерге шақыруға жауаптылар полиграф аппаратында тексерілетін болады. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ол үшін арнайы кесте құрылады. Қазақстанның бірде-бір өңірі назардан тыс қалмайды. Бұл қылмыс жасап, заң органдарынан қашып жүрген жастардың қылмысқа қатыстылығын әшкерелеуге септігін тигізеді. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру үшін аудандарда жергілікті атқару органдарының шешімімен «Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес шақыру комиссиясы құрылады.  Бүгінгі таңда жастарды әскерге шақырумен жергілікті  шақыру комиссиясы айналысады. Ол  әкімнің орынбасарының басшылық етуімен жұмыс істейді. Сондықтан комиссия құрамы жергілікті әкімнің қалауымен тағайындалады. Оның құрамына денсаулық сақтау, ішкі істер, білім, қоғамдық ұйым, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері кіреді. Әскери қызметшілерге комиссияда бір орын ұсынылған. Енді жастарды әскерге шақыру ісімен айналысатын адамдар арнайы полиграфта тексерілетін болады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. 04.02.2016 AST-8