04 Ақпан, 2016

Биыл 17 жоба бойынша әлеуметтік нысандар салынады

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? АСТАНА. 4 ақпан. Биыл «Бәйтерек» холдингі 17 жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жобаларға 390 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалады. Бұл жобалар бойынша Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын, Алматы қаласында С.Д. Асфендияров атындағы медициналық университеті жанынан көпбейінді аурухананы, Шымкент қаласында ұзындығы 48 шақырым 4 жолақты қозғалысы бар айналма жолды салу жоспаарланып отыр. Сонымен бірге Қызылорда қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын емхананы, Шымкент қаласында 1500 орынға арналған түзеу мекемесін, Алматы қаласында жеңіл рельсті көлік желісін, Петропавл қаласында балабақшалар, Қызылорда қаласында жатақханасы бар 600 адамға арналған колледжді, «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының жаңа жолаушылар терминалы мен басқа да маңызы нысандарды салу жоспарда бар.  Бұдан басқа Алматы қаласын айналып өтетін темір жолды, Қорғаныс министрлігінің тұрғын үйлерін, Қызылорда облысында су арнасы, Алматы қаласында Құрманғазы атындағы консерватория үшін жатақхана салынады. Әуежолаушылардың бірыңғай деректер базасы мен Қазақстанның ұлттық геоақпараттық жүйесін құрылады. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет:egemen.kz