05 Ақпан, 2016

Ақкөлде «Ақбота» ашылды

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сергей КулагиАқмола облысының Ақкөл ауданында өңір басшысы Сергей Кулагиннің қатысуымен 140 орындық «Ақбота» балалар бақшасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Нысан «Балапан» мемле­кеттік бағдарламасы бойынша қайта жөндеуден өткеннен кейін пайдалануға беріліп отыр. Жалпы, бұл ғимарат бұрын Ақкөл балалар үйінің мектепке дейінгі корпусы болып келген. Енді, қайта ұйымдастыруға байланысты, осы жерде тәрбиеленіп жатқан 30 бала ғимараттан Ақкөл балалар үйінің негізгі корпусына ауыстырылды. Аудандық білім бөлімінің қарамағындағы «Ақботада» бүлдіршіндер мемлекеттік және ресми тілдерде білім алуды бас­тап кетті. – Жарайсыңдар, тапсырма­ны уақтылы әрі сапалы орын­дадыңдар. Тұрғындар үшін балалар бақшасының ашылуы қашанда үлкен қуаныш. Мен сіз­дердің жұмыстарыңызға сәт­тілік тілеймін, – деген облыс әкімі базарлық ретінде жаңа бақшаға «Sony Bravia» теледидарын сыйға тартты. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.