05 Ақпан, 2016

Қалалық мәслихатқа үміткерлер белгілі

312 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
7Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Алматы қаласы Алмалы аудандық №6 округ бойынша праймериз, яғни сайлау алдындағы кандидаттарды іріктеу шарасы болып өтті. Жиынды «Нұр Отан» партия­сы аудандық филиалы төр­а­ға­сының бірінші орынбасары Ней­ля Ордабаева ашып, №6 округ бо­й­ынша қалалық мәслихатқа кан­дидат ретінде сайлауға түсе­тін үміткерлерді таныстырды. Аталған округ бойынша Қа­зақ мемлекеттік қыздар педа­го­ги­калық университетінің ректоры Динар Нөкетаева мен қалалық Кар­диологиялық орталықтың дәрігер-хирургі Арман Садықовтың кандидатурасы ұсынылғанын мәлімдеді. Талап бойынша, «Нұр Отан» партиясының мүшелері алдында кандидаттар өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен көпшілікті таныстырып, оған делегаттар дауыс берді және бағдарламасы ел көңілінен шығатын тұлғаны кандидат ретінде округтен қалалық мәслихатқа ұсынуға келісті. Әуелі сөз алған университет ректоры Д.Нөкетаева өзінің сайлауалды бағдарламасында «Нұр Отан» партиясы қойып отырған барлық міндеттерді қамтып, Елбасы Н.Ә.Назарбаев белгілеп берген ел дамуының бес бағытын жүзеге асыруда үлкен мақсаттар қойып отырғандығын, сайлаушылардың сеніміне ие болған жағдайда, ауданның өркендеуі үшін «Дағдарысқа қарсы тұрақтандыру», «Экономиканы құрылымдық тұрғыдан жаңғырту», «Қазақстандықтардың тұрмыс сапасының жаңа стандарттары», «Конституциялық патриотизм мемлекеті» сынды төрт тармақ бойынша Алмалы ауданындағы өзекті мәселелерге назар аударып, оның шешілуіне ықпал ететіндігін жеткізді. Сондай-ақ, қалалық Кар­диологиялық орталықтың дәрігер-хирургі А.Садықов та алға қойған мақсат-міндеттерін ұсынды. Екі кандидаттың сенім біл­дірілген адамдары сөйлеген соң, дауыс беру әдісі бойынша арнайы құрылған бақылау комиссиясы мен есеп комиссиясына бюллетеньдер тапсыру жолымен кандидатты анықтады. Бақылау және есеп комис­сияларының санағы бойынша, делегаттардың берген 163 дауысына Динар Нөкетаева, 24 дауысқа Арман Садықов ие болып, 86% көрсеткішпен Алмалы аудандық мәслихатының депутаттығына үміткер ретінде Динар Нөкетаева тіркелді. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.