04 Ақпан, 2016

Toshiba компаниясының шығыны 6 миллиард доллардан асып кетті

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-02-2016 toshiba companyАСТАНА. 4 қаңтар. Жапонияның белгілі компанияларының бірі Toshiba қаржы жылының соңына таман, яғни 31 наурызда бұрын-соңды болмаған үлкен шығынға батуы мүмкін. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Компания басшылығының айтуынша, шығын көлемі қазірдің өзінде 710 миллиард иенді (6 миллиард доллар) құрайды. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың желтоқсан айындағы болжамынан асып кетті. Ал 2015 жылдың қаржы қорытындысында шығын көлемі 37,87 миллиард иенді құраған. Дегенмен түсім көлемі бұрынғыдай 6,2 триллион иен қалпында қалды. 2015 жылы компания басшылығы қызметкерлер санын 10 мың адамға қысқарту жөнінде және кейбір мекемелерді жабу туралы шешімін ресми түрде мәлімдеді. Өткен жылдың үшінші тоқсанында (қазан-желтоқсан айлары) шығын көлемі 516,7 миллиард иенге жеткен. Айта кетейік, Toshiba компаниясы 1875 жылдан бері қызмет етіп келеді. Электротехника, электроника, энергетика және медициналық құрылғылар өндірумен айналысады. Аян Әбдуәли. Дерек: interfax.ru. Сурет: iphones.ru.