05 Ақпан, 2016

Қостанайда бруцеллезбен ауырғандар саны артып келеді

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
05-02-2016-auruҚОСТАНАЙ. 5 ақпан. Қостанай облысында бруцеллезге қатысты эпидемиологиялық жағдай нашарлап кеткен. Бұл туралы alau.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Алдыңғы жылға қарағанда былтыр жұқпалы ауруға шалдыққан қостанайлықтар саны бірден екі еседен асып кеткен. Облыстық тұтынушылар құқын қорғау департаментінің директоры Владимир Ничетайло: «2015 жылы бруцеллезге 44 адам шалдыққан, ал 2014 жылы олардың саны 16 ғана болатын. Республика бойынша бруцеллезбен ауруының тарау деңгейі 7,73 пайызды құрайды», – деді. Ауруды жұқтырғандың ең көбі Қарасу ауданында тіркелді. Мұндағы 14 тұрғын бруцеллез дертіне шалдықса, Әулиекөл ауданында – 12, Денисов ауданында – 6, Жітіқарада – 3 адам ауруханаға жатқызылды. Нечитайлоның айтуынша, аталған науқастардың 19-ы түрлі шаруашылықтарда жұмыс істейді, ал 8 тұрғынға дәрігерлер аталған дерт өз қорасындағы малдан жұққан деген болжам жасады. Жалпы, ауруға шалдыққандардың дерлігі малшылар. Айта кетейік, малшылар арасында көбейіп отырған бұл аса жұқпалы ауруға кәсіби патологиялық карта ілуде біреу ғана жасалады. Ал оған медициналық дұрыс қорытынды жасалмайтыны өзекті мәселеге айналып отыр. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: alau.kz.