04 Ақпан, 2016

Қостанайға Ресейден инвестиция татылады

353 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
04-02-2016-memorandumҚОСТАНАЙ. 4 ақпан. Жақында Қостанай облысындағы «Тобол» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Арман Алиев Ресей федерациясына іскерлік сапармен барып келді. Ондағы басты мақсат – өңірде жүзеге асыру мүмкіндігі бар жобаларға  инвестиция тарту болатын. Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Онда Арман Алиев алдымен Мәскеуде өткен «Ресей-Қазақстан инвестициялық диалог: ынтымақтаса жұмыс істеуге жаңа мүмкіндіктер» деп аталған іскерлік конференцияға қатысты. Конференция шеңберінде іскерлік кездесулер, қазақстандық 12 басымдық берілген жобалардың және ресейлік жобалардың тұсаукесері өтті. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тізе қоса атқаратын істер бағыттары талқыланды, біріккен жобалар мүмкіндігі қаралды. Онда  «Объединенные машиностроительные заводы» акционерлік қоғамы – Уралмаш-Ижора және «Газпромбанк» акционерлік қоғамы өкілдерімен екіжақты кездесу өтіп, Қостанай облысындағы кен-металлургия саласындағы жобаларды бірлесіп атқару мүмкіндіктері ортаға салынды. Мұнан кейін «Тобол» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Татарстанда болып, инвестициялық дамыту агенттігінің алқа мәжілісіне қатысты. Онда агенттік басшыларымен кездесіп, инвестиция тарту жөнінде тәжірибе алмасылды. «Тобол» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшылығы Татарстанды инвестициялық дамыту агенттігімен өндірістік-инновациялық дамыту саласы бойынша меморандумға қол қойды. Шарада екі жақты инвестиция тарту, өңірлерді дамыту және кадр даярлау және қайта даярлау мәселелері қамтылды. Біздің облысқа инвестиция тарту мақсатында «Алабұға» аса экономикалық аймағында шыны бұйымарын өндіру жөніндегі  обаларды жүзеге асыратын TRAYA GLASS RUS бірлестігімен, «Майский» жылыжай комбинаты» бірлестігінің басшылығымен келісімдер жасады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz.