06 Ақпан, 2016

Мұнай жасырын сатылған

256 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08-02-2016-02Атырауда мұнайды заңсыз сатып алу, тасымалдау және сатумен ұзақ уақыт айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әрекет етіп келіпті. Олар жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде құрықталды. Қылмыстық топтың өз әрекеттерін жүзеге асырып келген химиялық зауыт аумағын тексеру барысында, шикі мұнай тиелген Ресей Федерациясы Волгоград қаласының коммерциялық ұйы­мына қарасты «МАЗ» маркалы автокөлігі мен «Композициялық тұрмыстық отын» түрі екенін растайтын жалған құжаттар анықталып, тәркіленді. Сонымен қатар, сыйымдылығы әртүрлі он бестен астам мұнайға ұқсас қара түсті сұйықтық толтырыл­ған ыдыстар орналастырылған ­өнді­рістік цех анықталды. Са­рапта­ма қорытындысына сәйкес, ­зерт­теуге жіберілген өнімдер­дің мұнай екені белгілі болды. Қазіргі уақытта ұйымдас­қан қылмыстық топ құрды және басқарды ­деген күдікпен елі­міздің 2 азаматы ұсталды, деп хабарлады Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». АТЫРАУ.