07 Ақпан, 2016

Кішкентай бала түнімен құдықта отырып, сырттан көмек күткен

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

07-02-16-kolodets-1

КӨКШЕТАУ. 7 ақпан. Ақмола облысында 9 жасар бала мектептен қайтып келе жатып жоғалып кетіп, ертеңіне азанда ғана аман-есен табылды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Облыстың Астрахань ауданының орталығы – Астраханка ауылында көше бойымен ойнап келе жатқан бала кенет аяғы тайып кетіп, жолдың жиегіндегі құбыр құдығына құлайды. Оқиға 5 ақпан күні кешке орын алған. Біраздан кейін мектептен қайтқан оқушы баланың үйіне жетпегені белгілі болғасын оны жаппай іздеу басталады. Оған «Өрт сөндіруші және апаттан құтқару жұмыстары» мемлекеттік басқармасының 10 қызметкері мен 2 техника бірлігі, жергілікті атқару органдарының 6 қызметкері, жергілікті 26 тұрғын қатысады. Бала 6 ақпан күні таңертең құдықтан табылды. Оның жағдайды бір қалыпты деп бағаланды. Аталмыш факт бойынша тексеру жұмыстары жүргізіледі. Бақберген Амалбек. Дерек, фото: Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.