07 Ақпан, 2016

Тайваньда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 26 адамға жетті

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
07-02-2016 taivanАСТАНА. 7 қаңтар. Тайвань аралында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 26 адамға жетті. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Тайнань қаласындағы 17 қабатты «Алтын айдаһар» тұрғын үй кешенінің қирандысы астында әлі де 120 адамның болуы мүмкін деген болжам бар. Оқиға орнында құтқарушылар тобы қызмет етуде. Жергілікті биліктің хабарлауынша, апатты аймақтан 170 адам құтқарылған. Жер сілкінісі кезінде тұрғын үй кешенінде жалпы саны 96 пәтерде 256 адам болған. Жер асты дүмпуінің салдарынан ғимарат екіге бөлініп, қирап қалды. Магнитудасы 6,4 баллды құраған табиғат апаты өткен сенбі күні жергілікті уақыт бойынша, таңғы сағат 04:00-де болды. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: interfax.ru.