08 Ақпан, 2016

Беларусьте «Поле чудес» іспеттес бағдарлама шығады

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АСТАНА. 8 ақпан. Беларусь телевидениесінде Ресейдегі «Поле чудес» шоуы іспеттес бағдарлама қолға алынады. Бұл туралы «Народная воля» газетінің ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады.

08-02-16-pole_chudes-1

«Беларусь 1» телеарнасынан көрсетілетін бағдарлама сыйлықтар тарату арқылы жүретін ойын шоу болмақ. Телерадиокомпания төрағасы Геннадий Давыдьконың айтуынша, оның әзірге жұмыс аты «Счастливый вечер» деп аталады. Бағдарлама аптасына екі рет – сенбі және жексенбі күндері эфирге шығады деп жоспарланып отыр. Ол жеңімпаз атанған отбасылар үшін шынында да бақытты кеш болып шығады. Баршаға белгілі, Ресей телеарнасындағы «Поле чудес» капитал-шоуы кезінде Американың «Сәттілік доңғалағы» деп аталатын телебағдарламасынан алынған еді. 1990 жылғы 1 қарашада бірінші рет Орталық телевидениесінде шыққан оны Владислав Листьев жүргізді. Оны 1991 жылғы 1 қарашадан бері Леонид Якубович жүргізіп келеді. Талғат Райымбек. Дерек, фото: Народня воля.