08 Ақпан, 2016

Әскери қызметшілер қазіргі заманғы байланыс құралдарын меңгеруде (фото)

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08.02.2016 AST-5 АСТАНА. 8 ақпан. Қапшағай қаласындағы «Қазбат» бітімгершілік батальонының базасында әскери қызметшілер үшін «Харрис» радиостансаларын пайдалануға және оларды «Хаммер» автомобильдеріне орнатуды үйретуге арналған оқыту курсы басталды. Әскер қызметшілерді «Қазбат» байланысының мамандары оқытады. Радиостансалар былтыр Қазақстан мен АҚШ-тың қорғаныс ведомстволары арасындағы бес жылдық ынтымақтастық жоспары және «Бітімгершілік операциялар бойынша жаһандық бастама» (GPOI) бағдарламасы аясында «Қазбат» бітімгершілік батальонын жасақтау үшін Құрама штаттардан әкелінді. Радиостансалар «Қазбаттың» жауынгерлік даярлығы үшін таптырмас құрал. Ол НАТО талаптарына сәйкес жасалынған. Америкалық сарапшылар «Қазбат» әскери қызметшілерінің кәсіби даярлығына жақсы баға берді. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі. 08.02.2016 AST-7 HOHENFELS, Germany – a soldier of the Republic of Kazakhstan Ministry of Defense participating in Steppe Eagle 2014 reaches for the door handle of a simulated military tactical vehicle prior to executing rollover procedures here Sept. 27. U.S. Army Central, the Arizona National Guard and the British army are working together with Soldiers of the Kazakhstani battalion to practice peacekeeping operations and support missions for the first time outside of Kazakhstan, reinforcing their tactical and deploying capabilities. (U.S. Army photo by Sgt. Tracy R. Myers, U.S. Army Central Public Affairs) 08.02.2016 AST-8 08.02.2016 AST-9