Қазір жердің де, судың да қожасы бар. Бұл нарықтың талабы. Мұның тиімділігі сол, адамдар өздеріне тиесілі жердің де, судың да пайдасын көруге дағдылануда.
Тіпті бұрын-соңды айтудың өзіне жүрегің шайлығатындай бой үйренбеген кәсіптің тізгінін ұстау да түк болмай қалды. «Көз қорқақ, қол батыр» дегендей, тәуекелің тұрса тұрмысыңды түзеуге әбден болады. Әрине, құр нартәуекелмен іс бітпейтіні де белгілі. Бұл арада шын кәсіппен айналысамын деушілерге Үкіметтің өзі қолдау көрсетуі қайтарымды бола түскенін аңғарамыз.
Хромтау ауданының «Тұлпар» акционерлік қоғамына қарайтын Табантал балық шаруашылығының басшысы Мықтыбек Есмағамбетов тоғанда балық өсіруді осыдан 13 жыл бұрын бастапты. Мағаджан су қоймасын сенімді басқаруға алған кәсіпкер бастапқы жылдары тоғандағы табиғи өсіп-өнген балықтардың көбеюіне бағытталған жұмыстарды атқарды. Әйтеуір көңілге демеу демесең, бұл қарқынмен тоғанның пайда әкеліп жарытпасын аңғарған ол мемлекеттік бағдарлама бойынша несие алып, жаңа тың істің тігісін тарқатуға кірісті. Оны тоғандағы балық қорын молайту, ондағы балықтың сапасын жақсарту туралы ой мазалай берді. 2007 жылы тоғанға Қостанай облысы аумағынан, Тобыл өзенінің жоғарғы басынан 50 мың тұқының шабағын жібереді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан».

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Кеше