Кеше Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мәскеуде Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен кездесу өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың жағдайын, өнеркәсіп саласындағы, көлік транзиті және коммуникациялық салалардағы ынтымақтастықты талқылады.
Бақытжан Сағынтаев пен Игорь Шувалов, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі көкейкесті мәселелерді де әңгіме өзегіне айналдырды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар сауда-экономикалық өзара байланыстардың барлық спектрі бойынша екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге деген мүдделіліктерін білдірді.