12 Ақпан, 2016

Дақылдар кешенді түрде өңделуде

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC_3062-1 Ақкөл ауданында майлы және дәнді дақылдарды кептіріп, тазартатын және сақтайтын жаңа заманауи кешен салтанатты жағдайда ашылды. «Пегас» ЖШС кешенінің құрылысы екі кезек бойынша жүзеге асырылуда. Жаңа кәсіпорынның қуаты – 30 мың тонна. Жалпы, нысан әрқайсысы 3000 тоннаны құрайтын 10 шұңқыр құты­дан тұратын болады. Өткен жыл­дың қазан айында жобаның бірін­ші кезегі жүзеге асырылып, 5 шұң­қыр құты орнатылған, бүгінде бұлар толық жұмысқа қосылды. Ал жобаның екінші кезегін 2016 жылдың қазан айында іске қосу жос­пар­ланған. Авто­мат­тандырылған жаңа кешен желілері Ресей және Түркия ел­дерінен жеткізілді. Кәсіпорында 12 адам жұмыс істейді, олардың орта­ша айлық жалақысы 100 мың теңгеден асады. Құны 500 миллион тең­гені құрайтын бұл ­заманауи нысан ком­па­нияның жеке қаражатына салынған. Мемлекет басшысы аймақ­тар­дың әлеуетін арттыру үшін ауыл шаруа­шы­лығы өндірісін әртараптандыру қа­жеттігін алға тартқаны белгілі. Ақмола облысында осы тапсырманы орындау мақсатында былтыр 245,2 мың гектар майлы дақылдар, 193,9 мың гектарға жемшөптік, 18,37 мың гектарға картоп және 4,4 мың гектарға көкөніс дақылдары егілген. Салтанатқа қатысқан өңір басшысы Сергей Кулагин кәсіпорын ұжымына сәттілік тіледі. Еске сала кетейік, ауыл шаруа­шы­лығы дақылдарын сақтау және кептіруді қамтамасыз ету үшін 2015 жылы өңірде 14 жаңа кешен пайдалануға берілсе, 2016 жылы тағы да осындай 8 жаңа нысан іске қосылады деп күтілуде. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан». Ақмола облысы.