Риддер қаласында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай шаңғы марафоны өтті. Аталған жарысқа барлығы
260 жас спортшы қатысты. Олардың арасында риддерліктерден бөлек, Семей қаласы мен Зырян, Шемонайха, Глубокое, Үржар, Күршім аудандарынан келген спортшылар бар.
Шаңғышылар марафонының Риддерде өтуі бекер емес. Мұнда спортта дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернат пен облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі орналасқан. Осы мектептердің оқушыларының жаттығуына қажетті жағдайдың барлығы бұрынғы Лениногор шипажайының аумағында жасалған.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дәстүрлі Жолдауында халық денсаулығын Қазақстанның стратегиялық мақсаттарға жету жолындағы сәттіліктерінің бір бөлшегі ретінде атап көрсеткен болатын. Яғни, дені сау адам – мемлекет байлығы. Сондықтан, бәсекеге қабілетті ұлт қалыптастыру, азаматтардың денсаулығын нығайту үшін елімізде спортты қолдауға зор көңіл бөлініп отыр. 2020 жылға қарай, елімізде бұқаралық спортпен шұғылданушылар саны 30 пайызды құрауы тиіс. Осы мақсатқа жету жолында баршамыз өз үлесімізді қосуымыз қажет, – деді «Нұр Отан» партиясы Риддер қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Надежда Климова.
Оқушылар 1200, 1400 және 2500 метрге жарыс жолына шықты. 6 жастан 16 жасқа дейінгі балалар шаңғы марафонының түрлі қашықтықтарын бағындыру үшін жарысты. Олардың басым бөлігі республикалық және облыстық спорт мектептерінің оқушылары. Жалпы, тәуелсіздігімізді алған ширек ғасырдың ішінде елімізде қысқы спорт түрлері шеберлерінің жаңа буыны қалыптасты. Әсіресе, Риддер мектебінің түлектері Алексей Полторанин, Анастасия Слонова, Светлана Малахова, Алексей Черепанов, Роман Рогозин, Галина Вишневская сынды жоғары деңгейдегі шеберлікке жеткен спортшылар күллі әлемге Қазақстанды танытып, ел намысын қорғап жүр.
Марафон жеңімпаздары республикалық жарыстарға қатысуға арналған жолдамаларды ұтып алды.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Шығыс Қазақстан облысы,
Риддер қаласы.
• 12 Ақпан, 2016
Шаңғы марафоны Риддерде өткен сайысқа 260 спортшы қатысты

Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Кеше
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Кеше
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Кеше
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Кеше
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Кеше